⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 61-бап. Анықтау органы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

61-бап. Анықтау органы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

61-бап. Анықтау органы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына:

      1) заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын қолдану;

      2) алдын ала тергеу жүргiзілетін iстер бойынша осы Кодекстiң 196-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын орындау;

      3) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша осы Кодекстiң 191-бабында көзделген тәртiппен анықтау;

      4) осы Кодекстiң 190-бабында белгіленген сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

      5) қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру;

      6) осы Кодекстің 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу ісін жүргізу жүктеледі.

      2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:

      1) iшкi iстер органдары;

      2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;

      3-1) экономикалық тергеу қызметі;

      4) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары;

      арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша да – Қарулы Күштердің әскери полиция органдары;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – шекаралық қызмет органдары;

      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органы болмаған жағдайда, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;

      8) өздерiнiң қызметкерлерi болу елдерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;

      9) күзетілетін іс-шаралар өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      10) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      11) өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.

      3. Көлiк қатынасы болмаған кезеңде – анықтау органының барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі iс жүргiзу және кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерін орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi алысқа жүзу сапарындағы теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық-барлау партияларының, осы баптың екiншi бөлiгiнде тізбеленген анықтау органдарынан алыстағы басқа мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да жүктеледi.

      Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмысты...

Толық оқу »

128-бап. Ұстап алу негіздері  ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

128-бап. Ұстап алу негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу қылмыстық қудалау орган...

Толық оқу »

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды қыл...

Толық оқу »

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптар...

Толық оқу »

216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың...

Толық оқу »

210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап ал...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановления Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановленияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Право апелляционн...

Толық оқу »

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаға...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалан...

Толық оқу »

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажетт...

Толық оқу »

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қатыгез, адамгершілі...

Толық оқу »

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »