Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 625-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

625-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

625-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы (осы параграфтың мақсаттары үшін – төлемақы) мыналарды: 

      1) жерүсті су объектілерінің су ресурстарын; 

     2) жануарлар дүниесін; 

     3) өсімдік және орман ресурстарын; 

     4) жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін алынады. 

     2. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылатын арнайы су пайдаланудың түрлері үшін алынады. 

     Ресімделген рұқсат беру құжатынсыз арнайы су пайдалану су алудың іс жүзіндегі көлемін су ресурстарын алудың және (немесе) пайдаланудың белгіленген көлемінен асыра отырып су пайдалану ретінде қаралады. 

     3. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен алынады. 

     Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан алып қоюға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

     Төлемақы: 

     1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, мекенін ауыстыру, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген; 

     2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген әрі еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланған; 

     3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған; 

     4) халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қойған кезде алынбайды. 

     4. Мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен басқа, жердің барлық санатындағы учаскелердегі өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтары үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) кезінде арнайы пайдалану тәртібімен алынады. 

     5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың мынадай түрлері үшін төлемақы алынады: 

     1) сүрек дайындау; 

     2) шайыр мен ағаш шырындарын дайындау; 

     3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау; 

     4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүктер, орман төсеніші мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау); 

     5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін: 

     мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар; 

     аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану; 

     6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдас екпе материалын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіру үшін пайдалану. 

     Осы тараудың мақсаттары үшін орман пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою да жатқызылады. 

     Табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде мұндай алып қоюлардың көлемін, төлемақы мөлшерін және оны төлеу мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір жекелеген жағдайда белгілейді. 

     Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілетін ағаш кесу билеті мен орман билеті (бұдан әрі – рұқсат беру құжаты) негізінде беріледі. 

     Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы енгізілген және фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтар үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама жіберілген жағдайда беріледі. 

     6. Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес бекітіп берілетін, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығы үшін алынады.  

     7. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері, олардың тұрған жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су ресурстарын алудың және (немесе) пайдаланудың белгіленген көлемі, рұқсаттарға және су ресурстарын алу және (немесе) пайдалану көлемдеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтау бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың, Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтау бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелеріне шағым жасау жөніндегі сот актілерінің нәтижелері туралы мәліметтерді өздерінің тұрған жеріндегі салық органдарына ұсынады. 

     8. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді ұсынады. 

     9. Мемлекеттік орман иеленушілер (жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғат қорғау мекемелері; теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның және автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады. 

     10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады. 

     11. Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына мөлшері осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын төлемақыны төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады. 

     12. Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

625-бап. Консулдық алым төлеушiлер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі    

      Осы Кодекстің 626-бабында көзделген консулдық әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

384-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

384-бап. Дипломатиялық поштаны және консулдық вализаны Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодек...

Толық оқу »

628-бап. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

628-бап. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) рес...

Толық оқу »

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

629-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемеле...

Толық оқу »

Алматыда заңгер адвокатының есірткі, психотроптық және улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі заң консультациясы

Алматыда заңгер адвокатының есірткі, психотроптық және улы заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі заң консультациясыРеспубликаның есірткі құр...

Толық оқу »

1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясыны...

Толық оқу »

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымд...

Толық оқу »

«Құқықтық көмек» партиялық жоба шеңберінде адвокаттар заңгерлік кеңес және құқықтық көмек көрсетеді

«Құқықтық көмек» партиялық жоба шеңберінде адвокаттар заңгерлік кеңес және құқықтық көмек көрсетеді «Аманат» партиясы ұйымдастырған «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында а...

Толық оқу »

76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттері Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

76-бап. Заң консультантының құқықтары мен міндеттеріАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып о...

Толық оқу »

76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

76-1-бап. Заң консультанты қызметінің кепілдіктеріАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан бас...

Толық оқу »

77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыру Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

77-бап. Заң консультантының қызметін сақтандыруАдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы      1. Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға з...

Толық оқу »

32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілді...

Толық оқу »

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші перс...

Толық оқу »

380-бап. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

380-бап. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, мемлекеттерд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемеле...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер Нотариат туралы Заңы

36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер Нотариат туралы Заңы       1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзег...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Аме...

Толық оқу »