⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сот процестік келісімді келісімдік іс жүргізуде қарау қорытындылары бойынша мынадай уәжді шешімдердің бірін:

      1) егер келісімдік іс жүргізуді қолдануға негіздер болмаса, прокурорға қылмыстық істі қайтару туралы қаулы;

      2) егер сот процестік келісімде көрсетілген қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен не жазаның түрімен немесе мөлшерімен келіспесе, жаңа процестік келісім жасасу үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;

      3) егер сотта сотталушының кінәлілігіне күмән туындаса, істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қараудан бас тарту туралы және қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;

      4) егер осы Кодекстің 35-бабында санамаланған мән-жайлар анықталса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;

      4-1) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;

      5) процестік келісімге сәйкес сотталушыға жаза тағайындап, азаматтық талап қою және басқа да өндіріп алулар жөнінде шешімі бар айыптау үкімін шығарады.

      2. Сот осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көрсетілген қаулыны шығарған жағдайда, қылмыстық іс жалпы тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу үшін прокурорға қайтарылады.

      3. Тараптар қылмыстың саралануы, азаматтық талап қою мөлшері не жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері жөніндегі сот қаулысына сәйкес жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор сотқа келісімдік іс жүргізуде қарау үшін жаңа процестік келісіммен бірге қылмыстық істі жібереді.

      4. Судья жаңа процестік келісіммен келіспеген кезде істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және қылмыстық істі жалпы тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін прокурорға жібереді.

      Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 626-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кінәні мойын...

Толық оқу »

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзім...

Толық оқу »

628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және о...

Толық оқу »

614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кінәні мойындау тур...

Толық оқу »

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья, егер ол: 1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылға...

Толық оқу »