⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 63-бап. Анықтаушы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

63-бап. Анықтаушы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

63-бап. Анықтаушы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Анықтаушы – iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.

      2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың келісімі, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.

      3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191, 192-1 және 192-2-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.

      4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлетін iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.

      5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті.

      6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауларына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, күдіктінің іс-әрекетін саралау және күдік көлемi, қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық iстi тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Ескерту. 6-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
      ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
      алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кінәні мойын...

Толық оқу »

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзім...

Толық оқу »

628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және о...

Толық оқу »

614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кінәні мойындау тур...

Толық оқу »

626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот процестік келісімді келісімдік іс жүргізуде қарау қор...

Толық оқу »

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья, егер ол: 1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылға...

Толық оқу »