⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:

      1) бұл туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiшхат берсе;

      2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса;

      3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгi салдарынан өзiнiң қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;

      4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;

      5) адамға жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн болатын қылмыс жасады деп күдік келтірілсе, айып тағылса;

      6) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылса немесе олар стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберiлсе;

      7) күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылықтар болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;

      8) қылмыстық процеске жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының) немесе азаматтық талапкердің өкiлi қатысса;

      9) iс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;

      10) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа келуден жалтарса;

      11) процестік келісім және оны жасасу туралы өтінішхат мәлімделсе, міндетті.

      2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6), 10) тармақтарында көзделген жағдайларда – адамды күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам деп таныған кезден бастап, 7) тармағында көзделген жағдайларда – күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылық анықталған кезден бастап, 8), 9) тармақтарда көзделген жағдайларда – іске жәбірленушінің өкілі, прокурор қатысқан кезден бастап, 11) тармақта көзделген жағдайларда – күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеген кезден бастап қамтамасыз етiледi.

      3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргізетін орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы ол адвокаттардың кәсiби ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.

      Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс б...

Толық оқу »

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың т...

Толық оқу »

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жәбiрленуш...

Толық оқу »

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу...

Толық оқу »

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  55. Полномочия следственного судьи Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 55. Полномочия следственного судьиУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В ходе досудебного производства следственный судья в предусмот...

Толық оқу »

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі...

Толық оқу »

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәсе...

Толық оқу »

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысы. Сот практикасының...

Толық оқу »

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессе Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В уголовном процессе рассматриваются...

Толық оқу »

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, ба...

Толық оқу »