7-1-бап. Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы
1. Дипломатиялық пошта дипломатиялық қызмет органдарының қызметін қамтамасыз етуге, дипломатиялық поштадағы мәліметтерді ашуға жол бермеуге, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдары арасында жедел байланыс орнатуға арналған.
Мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат бар дипломатиялық поштаны жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының реттеу нысанасы болып табылмайды.
2. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады.
3. Өз қызметін орындау үшін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық пошта арқылы жөнелтеді.
4. Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының дипломатиялық поштада өткізілуіне тыйым салынған хат-хабар, заттар немесе техника бар деп есептеуге жеткілікті негіздері болса, дипломатиялық поштаны зерттеп-қарау және ашу дипломатиялық курьердің немесе "ад хок" дипломатиялық курьерінің не дипломатиялық қызмет органдарының өзге де уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
5. Дипломатиялық поштаға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау мақсатында дипломатиялық поштасы бар вализа арнаулы қорғау құралдарымен жарақтандырылуы мүмкін.
6. Дипломатиялық поштаның ішіндегісі үшін жауапкершілік хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық поштамен жөнелту үшін оларды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің персоналына жүктеледі.
7. Дипломатиялық курьерлер мен "aд хoк" дипломатиялық курьерлері дипломатиялық поштаны жеткізу және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізуде және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуге тиіс.
Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаны іздестіру және күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары мен басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Дипломатиялық пошта шет мемлекеттің аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаның тұрған жерін анықтау және оны күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды дипломатиялық қызмет органдары сыртқы барлау субъектілерімен келісу бойынша жүзеге асырады.
8. Сыртқы істер министрлігі:
1) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
3) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен "ад хок" дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасайды;
5) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тартады.
9. Шет елдегі мекеме:
1) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Сыртқы істер министрлігінен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;
2) Сыртқы істер министрлігіне жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;
3) дипломатиялық поштаның Сыртқы істер министрлігіне жеткізілуін ұйымдастырады;
4) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
5) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен "ад хок" дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 1-тарау 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы