7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары Өсімдіктер карантині туралы Заңы
1. Уәкілетті ұйым:
1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің, оның ішінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;
2) импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы өсімдіктер зиянкестерімен, өсімдік ауруларын қоздырғыштармен және арамшөптермен, оның ішінде карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалдануды анықтайды;
3) тұрақты негізде фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүзеге асырады;
3-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді;
3-2) фитосанитариялық тәуекелге жүргізілген талдау негізінде уәкілетті органға карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесінен карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді алып тастау немесе оны карантинді объектілермен, бөтен текті түрлермен толықтыру туралы ұсыныстар енгізеді;
3-3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен мүдделі адамдарды оқытуды жүргізеді;
3-4) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің коллекциясын депонирлеу мен сақтауды қамтамасыз етеді;
4) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі анықталған карантиндi объектiлер мен бөтен текті түрлер туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады;
5) уәкілетті органға карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы:
1) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын анықтау мақсатында аумақты зерттеп-қарауды жүргізеді;
2) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарының шекарасы мен алаңын айқындайды;
3) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын есепке алуды жүргізеді;
4) уәкілетті органның ведомствосына карантинді объектілер мен бөтен текті түрлер таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын береді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы