⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

7-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-1-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Iшкi су көлiгi туралы Заңы 

      1. Егер бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына тікелей қатер төндірсе, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері жедел ден қою шараларын қолданады. 

      2. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) қарап-тексеруді (тексеруді), бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген. 

      3. Жедел ден қою шараларына кемені (оның ішінде шағын көлемді кемені) пайдалану қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жүктердің сақталуына төнген қатер болған кезде кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын (пайдаланылуын) тоқтата тұру және оған тыйым салу жатады. 

       4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына және (немесе) осы Заңның 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады. 

      5. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді. 

       Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі. 

      6. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілен кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады. 

      Қадағалау актісі бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі. 

      7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды. 

      8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде және (немесе) кемені (шағын көлемді кемені) қарап-тексеру актісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі. 

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті. 

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) кемені (шағын көлемді кемені) қарап-тексеру нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі. 

       Қадағалау актісінің қолданысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады. 

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру (қарап-текеру) нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады. 

      12. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру (қарап-тексеру) жүргізіледі. 

      13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады. 

       Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. 

      Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

       14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:  

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы; 

      2) осы шараға сай келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану; 

      3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы. 

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайлы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі. 

      Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы. 

         Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы