7-3-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) осы Заңға сәйкес нысаналы жинақтарды есепке алу және есепке жатқызу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алу мен есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай:
нысаналы талаптарға қатысушыға немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы;
нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша осы Заңның 7-7-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, нысаналы жинақтау шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді төлемақы алмай ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған шоттарына, сондай-ақ қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар немесе нысаналы жинақтарды алушылар мұрагерлерінің уәкілетті операторда ашылған банктік шоттарына АҚШ долларында төлеуді жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 7-3-баппен толықтырылды – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы