7-3-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органның құзыреті Сауда қызметін реттеу туралы Заңы
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші орган:
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша олардың құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекітеді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы.
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы