⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-4-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауiпсiздiк талаптары Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы

7-4-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауiпсiздiк талаптары Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-4-бап. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы қауiпсiздiк талаптары Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы  

       1. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын өндiру, жинау және қайта жасау кезiнде жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн сақтау және қауiпсiздiктiң сақталуына қатысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.  

       Егер азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын жасау, жинау, қайта жасау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарының орындалуы арқылы толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.  

      2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын бұза отырып өткiзуге (сатуға), сатып алуға, жөндеуге, коллекция жинауға, экспонаттауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, пайдалануға, жоюға тыйым салынады.  

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.  

       Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы