⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-4-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті Өсімдіктер карантині туралы Заңы

7-4-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті Өсімдіктер карантині туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-4-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті Өсімдіктер карантині туралы Заңы 

      1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретіне: 

      1) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; 

      2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету; 

      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану; 

      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру; 

      5-1) мыналар: 

      көлік құралын тоқтату және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ұстау; 

       карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен және багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару;  

      қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру; 

      қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы қаулы шығару; 

      6) қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған кезде зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ олар фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған кезде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда фитосанитариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтату және карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін кідірту; 

      7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау; 

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді. 

      2. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады. 

      Ескерту. 2-тарау 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы. 

    Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы