⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы 

      1. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды. 

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақтар құпиясына кепілдік береді. 

      Нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының сомасы туралы мәліметтер құпия болып табылмайды. 

      2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік және функционалдық міндеттерін жүзеге асыруға байланысты нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары, жұмыскерлері нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру нысаналы жинақтар құпиясын жария ету болып табылмайды. 

      3. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушыға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ашылуы мүмкін. 

      4. Нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар: 

      1) соттарға – олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот ұйғарымының негізінде; 

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде; 

      3) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде; 

      4) нысаналы жинақтарды алушының өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхаттың немесе сот шешімінің негізінде; 

      5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға –нысаналы жинақтарды алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша; 

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға; 

      7) мұрагерлерге – нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұраға құқық туралы куәлік ұсыныла отырып, сұрау салу бойынша; 

      8) нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге – нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы; 

      9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдардың басшыларына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер және (немесе) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың осындай ұйымдарда болуын растайтын құжаттардың негізінде берілуі мүмкін. 

      Ескерту. 7-7-баппен толықтырылды – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы. 

      Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы