7-8-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
1. Нысаналы жинақтарды алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті операторлардың борыштары бойынша, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда нысаналы активтерге, нысаналы жинақтарға және нысаналы жинақ төлемдеріне тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
2. Нысаналы активтер:
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда нысаналы жинақ төлемдерін жүзеге асыруға;
2) қате есепке жатқызылған нысаналы жинақтарды және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға ғана пайдаланылады.
Ескерту. 7-8-баппен толықтырылды – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы