⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы 

       1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

       1-1. Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай талаптарға сәйкес келуге:  

      1) штатында әрбір қызмет бағытында аккредиттеу жөніндегі кемінде екі сарапшы-аудитордың болуы; 

       2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болуы;  

      3) аккредиттеу субъектілерімен үлестес тұлға болмауы тиіс. 

      2. Аккредиттеу жөніндегі орган: 

      1) мыналарға: 

      аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және арнайы білімі бар басқа да адамдарды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға; 

      аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға; 

      өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға; 

      бағалау техникаларын қолдану тәртібін, өлшемшарттары мен талаптарын айқындауға; 

      жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізуге; 

      аккредиттеу субъектілерінің қызметіне аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізуге; 

      аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды жүргізуге құқылы; 

      2) мыналарға: 

      аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге; 

      осы Заңда белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге; 

      аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге; 

      аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге; 

      интернет-ресурсты жүргізуге және қолдап отыруға, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға; 

      аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге; 

      аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға; 

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде шағымдар мен апелляцияларды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға және қабылданған шешімдер туралы ақпаратты он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде интернет-ресурста орналастыруға; 

      осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге; 

      жоспарлы және жоспардан тыс бағалаудың, сондай-ақ аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелерін тоқсан сайын уәкілетті органға беруге; 

      аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтер енгізу арқылы аккредиттеу аттестатын тоқтата тұруға, одан айыруға қатысты сот, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулының орындалуын қамтамасыз етуге; 

      аккредиттеу жөніндегі органның қызметін регламенттейтін халықаралық нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуге; 

      аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы жалпы өлшемшарттар мен қағидаларды белгілейтін мамандандырылған халықаралық ұйымдардың құжаттарын ендіруді және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. 

       3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.  

       Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV, 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы. 

      Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы