⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау Астық туралы Заңы

7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау Астық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау Астық туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларға және қолданылып жүрген стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келуге тиіс. 

      2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.   

      3. Астық сапасының мемлекеттік бақылауы мыналарды қамтиды:  

      1) астық қабылдау кәсіпорындарына қабылдау және тиеп жіберу кезінде астық сапасының көрсеткіштерін айқындауды бақылау;  

      2) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.11 № 231, 2003.10.13 № 488, 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы