⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары  2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ СЫРҒАН КЕЗДЕ МЕКЕНДЕЙТIН ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ЕТЕТIН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары  2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ СЫРҒАН КЕЗДЕ МЕКЕНДЕЙТIН ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ЕТЕТIН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары  2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ СЫРҒАН КЕЗДЕ МЕКЕНДЕЙТIН ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ЕТЕТIН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы 

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижелерiнiң тұтынушылары ретiнде азаматтардың:  

      1) өндіргіш күштерді қоныстандыру мен орналастыру бөлігінде мемлекеттік қала құрылысы саясатына, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және аталған жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес елді мекеннің (қоныстың) аумағы шегінде осы жергілікті жерге қатысты мекендеу мен тіршілік етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға; 

      2) демалу мақсаттарына арналған және тиiстi емдiк және санитариялық-гигиеналық жағдайлары, оқу-ағарту, мәдени-бұқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық iс-шараларын қоса алғанда, бос уақытты өткiзу жағдайлары, саяжайлық, бағбандық және бақшалық учаскелердi орналастыру мүмкiндiгi бар, табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты мейлiнше қолайлы рекреациялық аумақтарды бөлу (бөлiп беру) арқылы демалуға құқығы бар.  

      Халықтың демалуына арналған аумақты таңдау кезiнде қорғалатын ландшафтық объектiлер мен (немесе) тарихи және мәдени құндылықтарға жатқызылған объектiлердiң болуы да ескерiлуге тиiс.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы