⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы 

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде бассейндiк принцип бойынша, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарында жүзеге асырылады. 

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

       Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі заңсыз пайда болған балықтар мен басқа да су жануарларын уақтылы анықтау және олардың өткізілуін болғызбау мақсатында ауланған, сатып алынған, қолдан өсірілген балықтар немесе басқа да су жануарлары, балықтар мен басқа да су жануарларының көтерме және бөлшек саудада өткізілуі, экспорты және импорты туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті жүйені білдіреді.  

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүзеге асырады. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы. 

Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы