7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1996.12.07 № 50, 1997.07.11 № 154, 2001.03.02 № 162, 2003.07.10 № 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы