⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

7-бап. Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу кезінде Одақ туралы шартқа немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданыста болатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қолданылады.

      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты Одақ туралы шартқа немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданыста болатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қолданылады.

      Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күн анықталмаса, Одақ туралы шартқа немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бұзушылықтар анықталған күні қолданыста болатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы қолданылады.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы