⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері Концессиялар туралы Заңы

7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері Концессиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері Концессиялар туралы Заңы 

      1. Мыналар: 

      1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар; 

      3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу; 

      4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемі шегінде концессионердің пайдалану шығындарын өтеу; 

      5) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы; 

      6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi болып табылады. 

      2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды. 

      3. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы әлеуметтік маңызды санатқа жатқызылатын концессиялық жобаларға қатысты ғана қолданылуы мүмкін. 

      4. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелерінің негізінде айқындалады. 

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы. 

           Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы