⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Мәслихаттың актiлерi Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

7-бап. Мәслихаттың актiлерi Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    7-бап. Мәслихаттың актiлерi Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы  

      1. Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады. 

      2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн. 

      3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi. 

      4. Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

      5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылады.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.09 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 384-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы