7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы