⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

7-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру  Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы Заңы 

       1. Меншіктің мемлекеттік мониторингі:  

       мониторинг объектілеріне - әрі кеткенде үш жылда бір рет, ал мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда қажетінше, бірақ әрі кеткенде жылына бір рет базалық кешенді зерттеулер өткізу;  

       мониторинг объектілерінің қызметі бойынша қажетінше, бірақ әрі кеткенде жылына бір рет мерзімдік жедел ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.  

       2. Мониторинг объектілерінің базалық кешендік зерттеулері тікелей зерттеу арқылы жүзеге асырылады және:  

       1) мониторинг объектілері қызметінің өндірістік-техникалық, технологиялық, инвестициялық, қаржылық-экономикалық, экологиялық, және құқықтық параметрлері жөніндегі ақпаратты жинауды және жүйелі талдауды;  

       2) мониторинг объектілерін басқару тиімділігінің жай-күйін бағалауды, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін келеңсіз процестердің алдын алу және оны еңсеру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатымен жағдайдың өзгеруін болжауды;  

       3) техниканы дамыту болашағына сараптамалық бағалауды және ғылыми-техникалық прогресс жетістігін қолдануды;  

       4) мемлекеттік органдарды мониторинг объектілерінің жай-күйі, оларды дамыту тенденциялары мен болжамдары туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді қамтиды.  

       3. Ақпаратты кезеңдік жедел жинау кешенді жүйелі зерттеулер арасындағы кезеңдерде объектілердің қызметі жөніндегі мониторингтің негізгі деректерін ағымдағы жаңартуға арналған.  

       4. Мониторинг объектілерін зерттеу меншіктің мемлекеттік мониторинг нысанасына жататын барлық не жекелеген мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 Заңы. 

       Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы