7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бірліктері;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
3) шама бірліктерінің эталондары;
4) өлшем құралдары;
5) стандартты үлгілер;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
7) өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II Заңы.
Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы