⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті Босқындар туралы Заңы

7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті Босқындар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті Босқындар туралы Заңы 

      1. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган: 

      1) босқындар мәселелері бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; 

       2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне босқындар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды табыс етеді; 

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың қызметіне, босқындар мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, форумдарға және босқындардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық акцияларға қатысуын қамтамасыз етеді; 

      5) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдеседі; 

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

       2. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

      2-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; 

      2) жергілікті атқарушы органдарға босқындарды қабылдауға арналған шатырлы лагерьлерді жайластыруда, стационарлық лагерьлерді дайындауда жәрдем көрсетеді; 

      3) босқындарды қабылдауға арналған шатырлы және стационарлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      2-2. Ішкі істер органдары: 

      1) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында болатын жері бойынша есепке алуды жүзеге асырады; 

      2) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді; 

      3) жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады; 

      4) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге кіруін шектейді немесе тыйым салады; 

      5) заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау үшін пана іздеген адамдар мен босқындарды мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асырады; 

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      3. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде жүзеге асырады. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 216-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы