7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға қатысты құзыреті Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3-1) Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бес депутатын тағайындайды;
4) Ассамблея Сессиясын шақырады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяның Төрағасы болып табылады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы