⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы

7-бап. Қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. 

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады. 

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады. 

      Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады. 

      Республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер өз мәртебесін растау үшін тіркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы бірлестікті тіркеген органға құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндетті. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      Бірлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүдделеріне сай келеді және мемлекеттің қорғауында болады. 

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы