7-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Заңы
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың:
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларда iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
2) қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзге тәсiлдермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмеуге тиiс. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi айқын адамдарға, жасы белгiлi немесе анық көрiнiп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшiн және басқа құралдарды қолдануға тыйым салынады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және құқық қорғау немесе өзге де мемлекеттiк билiк органдарына жеткізуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұстап алынған адамда қару немесе өзге де қауiптi заттар не қылмыстық iс үшiн мәндi нәрселер бар деп ұйғаруға негiздер болған кезде, ұстап алынған адамның киiмiн тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшiн оларды алып қоюға;
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;
6) құқық бұзушылық, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнінде түсiндiру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;
7) азаматтардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқығы бар.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) iшкi iстер органдарын өздерiне мәлiм болған, дайындалып жатқан не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар фактiлерi туралы дереу хабардар етуге;
3) заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуi бойынша өзiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлiгiн көрсетуге;
4) қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған азаматтарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негiздерiн түсiндiруге;
5) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 Заңы.
Осы Заң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы