⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Қоныс учаскесiн қайтарып алу Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

7-бап. Қоныс учаскесiн қайтарып алу Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-бап. Қоныс учаскесiн қайтарып алу Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңы  

      Қазақстан Республикасының заң құжаттарында белгiленген реттер мен тәртiпте ғана қоныс учаскесiн қайтарып алуға жол берiледi. 

      Қоныс учаскесiн қайтарып алу шарттары мен учаскенi қайтарып алуға байланысты бұзылуға жататын үйдi меншiктенушiге берiлетiн өтем нысандары Қазақстан Республикасының жер және тұрғын үй заңдарымен белгiленедi. 

      Бұл орайда, егер бұзылуға жататын жеке тұрғын үй ортақ үлестiк меншiк құқығында бiрнеше меншiктенушiге тиесiлi болса, олардың әрқайсысы өз үйiн тұрғызу үшiн жеке жер учаскесiн меншiгiне алуға және (немесе) заңдарда көзделген өзге де өтем алуға құқылы.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.14 N 158 Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 Заңы. 

Осы Заңның мақсаты - мемлекет, жергiлiктi атқарушы органдар және тұрғын үй жайға деген конституциялық құқығын жүзеге асыру үшiн жеке тұрғын үйлер салушылар (меншiктенушiлер) болатын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы өзара қатынастарды реттеудiң құқықтық базасын жасау.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы