⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң 

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындары: 

      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары; 

      2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары болып табылады. 

      2. Осы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері және гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылуы мүмкін. 

      3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, жергілікті жердің коменданты жүзеге асырған жағдайларда күдіктілер аталған лауазымды адамдар айқындаған және күдіктілерді ұстау үшін арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. 

      4. Қылмыстық істі жүргізіп жатқан адам немесе орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес он екі сағат ішінде сезіктінің немесе айыпталушының туыстарының біріне оның күзетте ұсталу орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлауға міндетті. 

      Күдікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетпен ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі. 

      Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды есепке алуды жүргізу қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.16 № 244, 2002.07.10 № 338, 2004.12.29 № 25, 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы. 

      Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы