7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы
1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 № 209 Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы