7-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы Заңы
1. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзу тиiстi ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етiледi.
2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.
3. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi:
1) сәйкестендiру нөмiрлерi туралы мәлiметтердi;
2) тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерден алынатын мәлiметтердi;
3) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң құрамына кiретiн мәлiметтердiң барлық өзгерiстерi туралы ақпаратты қамтиды.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 223 Заңы.
Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) үшiн сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастырудың негiзiнде сәйкестендiру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерi мен құқықтық негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы