⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы  

      1. Сорттың, тұқымның басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күн бойынша белгiленеді. 

      Егер сарапшы ұйымға бір мезгілде бір сол селекциялық жетістікке патент беруге екі немесе одан да көп өтінім түссе, неғұрлым бұрын ұсынылатын өтінімге басымдық белгіленеді. Егер өтінім берушілер арасындағы келісіммен өзгеше көзделмесе, бұл өтінімдер бір күнде ұсынылатын жағдайда, патент сарапшы ұйым берген неғұрлым бұрынғы тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі. 

      Осы Заңның 5-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар келіп түскен күн, ал егер құжаттар бір мезгілде ұсынылмаса – олардың соңғысы келіп түскен күн сараптама ұйымына өтінім берілген күн болып табылады. 

      2. Басымдық Селекциялық жетiстiктердi қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияға қатысушы елде бiрiншi өтiнiмнiң берiлген күнi бойынша белгiленуi мүмкiн (конвенциялық басымдық). Өтiнiш берушi бiрiншi өтiнiмнiң конвенциялық басымдық құқығын ол берiлген күннен бастап 12 ай iшiнде пайдаланады.  

      Конвенциялық басымдық құқығын пайдаланғысы келген өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымына ұсынылатын өтiнiмде бiрiншi өтiнiмнiң басымдық күнiн және келесi өтiнiм берiлген күннен бастап үш ай iшiнде бiрiншi өтiнiмнiң осы өтiнiм берiлген орган куәландырған көшiрмесiн табыс етуге тиiс.  

       Осы шарттар орындалған жағдайда өтiнiш берушi бiрiншi өтiнiм берiлген күннен бастап үш жыл iшiнде қосымша құжаттама мен сынақ өткiзуге қажеттi материал бермеуге құқылы.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586, 2007.03.02. № 237, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы