⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы

7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы 

       Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 

      1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтынатын көлемдеріне қарай саралау тәртібін бекітеді; 

      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       3) алып тасталды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады; 

      5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді; 

       6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді; 

       7) осы Заңның 12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді; 

      8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді; 

      8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады. 

      8-2) осы Заңға сәйкес атаулы қолдау алушылардың тізімін қалыптастырады; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV, 2011.07.05 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.03.2013 № 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.       ЗҚАИ-ның ескертпесі!       7-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       ЗҚАИ-ның ескертпесі!       7-1-бап 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы. 

      Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы