⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау  Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау  Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау  Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Заңы 

       1. Ұлттық архив қорының құжаттары мемлекеттік және жеке меншікте болады.  

      2. Мемлекеттiк меншiкке: 

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде сақтаулы республикалық меншіктегі құжаттар; 

      1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар; 

      2) коммуналдық меншіктегі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсіпорындар мен басқа да мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар; 

      3) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры жатады.  

      3. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің қызметі немесе жинауы, сатып алуы нәтижесінде жасалған құжаттары жеке меншікке жатады. 

      4. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары беріледі.  

      5. Архивтік құжат меншік иесінің келісімінсіз Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздерде архивтен алып қойылуы мүмкін. 

      6. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.  

      7. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттары, меншік иесінің уәкілетті органмен алдын ала жазбаша келісімімен кейін ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшірмелерін мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектісі бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге болады.  

      8. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттарын меншіктену құқығын мемлекетке беру тараптардың келісімі бойынша жасалады. Жеке адамдар құжаттарын пайдалануға шектеу мерзімін архивке берілген кезден бастап 70 жылдан аспайтын уақытқа белгілей алады.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.11.10 № 256 , 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы