⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 71-бап. Жәбiрленушi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

71-бап. Жәбiрленушi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

71-бап. Жәбiрленушi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады.

      1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.

      2. Есi дұрыс емес адам жасаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетпен оған зиян келтiрiлген жағдайларда да тұлға жәбiрленушi деп танылады.

      3. Тұлға қылмыстық процесте тиісті қаулы шығарылғаннан кейін жәбірленуші деп танылады. Егер қылмыстық процесс барысында оның бұл жағдайда болуына негiздер жоқ екенi анықталса, қылмыстық процестi жүргізетін орган өз қаулысымен тұлғаның жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады.

      4. Жәбiрленушiге қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ оның осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша өкiлге арналған шығыстарын қоса алғанда, қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етiледi.

      5. Жәбiрленушiнiң өзiне моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер ол мұндай талап қоймаса не ол қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беруге құқылы.

      6. Жәбірленушінің:

      1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге;

      2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

      3) дәлелдемелерді ұсынуға;

      4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

      5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

      6) өкілінің болуына;

      7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға;

      8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;

      8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;

      9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;

      10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;

      11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға;

      12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

      13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;

      14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;

      15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;

      16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;

      17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы;

      18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге;

      19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;

      20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;

      21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;

      22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге;

      23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға құқығы бар.

      Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады.

      7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар.

      8. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      9. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

      10. Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

      11. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.

      12. Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

      Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

407-бап. Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

407-бап. Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодекстiң32-бабыныңекінші бөлігінде көзделген қылм...

Толық оқу »

408-бап. Жекеше айыптауды қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

408-бап. Жекеше айыптауды қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптауды тұлға (бiрнеше тұлға) сотқа, соттылық туралы қағидаларды са...

Толық оқу »

409-бап. Судьяның жекеше айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

409-бап. Судьяның жекеше айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер берiлген шағым...

Толық оқу »

411-бап. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

411-бап. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау, осы бапта белгiле...

Толық оқу »

412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья осы Кодекстiң қа...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 412. Решение суда по делу частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 412. Решение суда по делу частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Рассмотрев дело по частному обвинению, судья, руково...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 411. Рассмотрение дела частного обвинения в судебном заседании Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 411. Рассмотрение дела частного обвинения в судебном заседанииУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Рассмотрение дела частного обвинен...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  409. Действия судьи по делу частного обвинения до начала судебного разбирательства Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 409. Действия судьи по делу частного обвинения до начала судебного разбирательстваУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Если поданная...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 408. Возбуждение частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 408. Возбуждение частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Частное обвинение возбуждается лицом (несколькими лицами) пут...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 407. Порядок производства по делам частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 407. Порядок производства по делам частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Производство по делам частного обвинения, к ко...

Толық оқу »

3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасалғ...

Толық оқу »

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жәбiрленуш...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 94. Отстранение от участия в производстве по уголовному делу защитника, представителя потерпевшего (частного обвинителя), гражданского истца или гражданского ответчика Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 94. Отстранение от участия в производстве по уголовному делу защитника, представителя потерпевшего (частногообвинителя), гражданского истца или гражданско...

Толық оқу »

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК...

Толық оқу »

Комментарий к статье 131. Вовлечение несовершеннолетнего в преступную деятельность УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 131. Вовлечение несовершеннолетнего в преступную деятельность УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Вовлечение несовершеннолетнего в преступн...

Толық оқу »

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс: 1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиға...

Толық оқу »

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа де...

Толық оқу »

Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы.

Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс...

Толық оқу »