⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы 

       1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алады.  

       2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:  

       1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан қаржы жылы үшін алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;  

      2) "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне қаржы жылы үшін енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді. 

      3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды. 

       4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі мүмкін.  

      5. Қордың комиссиялық сыйақысын алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі. 

      Ескерту. 3-тарау 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы. 

      Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы