8-1-бап. Жалпы талаптар Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Тасымалдау процесiне қатысушылар адам өмiрi мен денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу қауiпсiздiгi адам өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеу жағдайын ұйымдастыруға, су жолдарын теңiзде жүзетiн қалыпта ұстауға, кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және iшкi су жолдарындағы құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi:
1) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалаудағы объектiлер және су жолдарындағы құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау), пайдалану процестерi болып табылады.
3. Теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіздігін навигациялық қамтамасыз етуді республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын навигациялық орталық жүзеге асырады.
Ескерту. 8-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.01.2015 № 276-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы