8-2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалаудағы объектiлердi және су жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде олардың жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi жасау (салу, жөндеу, реконструкциялау) кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
3. Егер сауда мақсатында теңiзде жүзетiн кемелердi дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақ жүргiзу талап етiлсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын орындай отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс.
4. Әрбiр кеме корпусы сәйкестендiру нөмiрiмен таңбалануға тиiс. Таңбалау көрiнетiн, анық және өшiрiлмейтiн болуға тиiс.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупiн болғызбайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететiндей түрде әзiрленуге тиiс.
6. Негiзгi рульдiк басқару орны айналаны шолуды қамтамасыз етуге тиiс.
7. Кеме пайдалану жөнiндегi нұсқаулықпен жабдықталуға тиiс, онда өрт туындау және бату қаупiне ерекше назар аударылуы керек.
8. Жағалау объектілерін жобалау, орналастыру, салу және пайдалану жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 8-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы