⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-3-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi, порттарды, жағалау объектiлері мен су жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы 

      1. Кемелер, порттар, жағалау объектiлері мен сауда мақсатында теңiзде жүзу процесiмен байланысты теңiздегi құрылыстар қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылады және сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс. 

      2. Кемелердi, порттарды, жағалау объектiлерін және теңiздегi құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлері мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерi талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиiс. 

      3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердi пайдалану адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға терiс әсер етпеуге тиiс. 

      4. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

      5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану Шағын көлемді кемелерді және олардың тұрағына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі өзімен бірге болуға тиіс. 

      Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 

      Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға: 

      1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін; 

      2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын; 

      3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығында немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді. 

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі. 

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар жергілікті атқарушы органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімдерін жіберуге міндетті. Оқудан өткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады. 

      Ескерту. 8-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. 

       Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы