8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жəне күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі жəне аумақтық суларда жүзу, зəкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зəкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы жəне қонуы (су бетіне қонуы) жəне басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар жəне жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін.
2. Жүзуге тыйым салынған аудандарда бүкіл кеме мен жүзу құралының жүзуіне тыйым салынады. Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды.
Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу жəне оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді – республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды.
3. Жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Көрсетілген шешім мүдделі мемлекеттік органдарды бұл туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Ескерту. 1-1-тарау 8-5-баппен толықтырылды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы