⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама  3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама  3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама  3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы 

      1. Өтінім бергені үшін ақы төленген жағдайда өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және олардың өздеріне белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. 

      Өтінім берушінің селекциялық жетістіктің мәнін өзгертпей, өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылауларды осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін енгізуге құқығы бар. 

      Көрсетілген өзгерістер өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген кезде төлем алынбайды. 

      Қорғау құжатын алу құқығын басқаға беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер немесе өтініш беруші – заңды тұлғаның атауын не жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерту, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателерді түзету тиісті төлем төленген кезде Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркелген селекциялық жетістік туралы мәліметтер енгізілген күнге дейін жүргізілуі мүмкін. 

      Сараптама ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, өтінім беруші оларды сұрау салу жөнелтілген күннен бастап үш ай мерзімде ұсынуға міндетті. 

      Өтініш беруші жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады. 

      Өтінім беруші Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетістік тіркелгенге дейін өтінімді кері қайтарып ала алады. 

      2. Сортқа, тұқымға жасалған өтiнiмге келiп түскен, өтiнiмнiң алғашқы материалдарында келтірілмеген белгілері бар және өтінім берiлген сорттың, тұқымның мәнiн өзгертетiн қосымша материалдар өтінiм қаралған кезде назарға алынбайды. 

      3. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесі болған кезде сараптама ұйымы өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтініш беруші шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Осымен бір мезгілде өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауалнамасының көшiрмелерi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi. 

      4. Егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны одан әрi қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтiнiш берушiге бес жұмыс күні ішінде хабарланады. 

      5. Өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi шешiмдi алған күннен бастап екi ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Шағым кеңесi қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс. 

      6. Алдын ала сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бюллетеньде жарияланады. 

      7. Сорттың, тұқымның авторы өтінім материалдарында өз есiмiнiң жариялануынан бас тартуға құқылы.  

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. № 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы