8-бап. Ақпарат иеленуші Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы
Мыналар:
1) мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері;
2) мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері;
4) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар;
5) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде - мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері;
6) экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар;
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ақпарат иеленушілер болып танылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ.
Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы