⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртiбi Сот приставтары туралы Заңы

8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртiбi Сот приставтары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртiбi Сот приставтары туралы Заңы 

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       1. Сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн. 

      2. Сот приставтарының атыс қаруын:  

      1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 

      2) сот приставының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде оның өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оған жасалған шабуылға тойтарыс беру; 

      3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю; 

      4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар. 

      3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ электрлік қаруды, тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды: 

      1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 

      2) сот приставының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оған күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю; 

      3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау; 

      4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн. 

      4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады. 

      5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерi қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы тиісті аумақтық бөлімшенің басшысына хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы уәкілетті органның басшысына хабарлауға мiндеттi.  

      Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiн қолданудың адамдар өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбiр жағдайында дереу прокурорға хабарланады. 

      6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, электрлік қару мен арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбесiн және оларды бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету уәкiлеттi органға жүктеледi.   

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 409, 2006.06.22 № 147, 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы