⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi    2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi    2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, оны жасасу тәртiбi    2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы 

      1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн аудиттеу субъектiсiнiң пайдасына жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. 

      2. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, сақтанушының аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген зиян салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша, моральдық шығынды, ала алмаған пайданы өтеудi және тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 

      3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасасу мiндеттi болып табылады. 

      4. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады. 

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. 

      4-1. Сақтанушының қалауы бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 

      5. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының немесе аудиттеу субъектiсiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен аудиттеу субъектiсiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттi болады. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы. 

        Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты  

       туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы