8-бап. Экономикалық ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен әділдігі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттеріне мөлшерлестігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде экономикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жария және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі мүдделерінің әділ теңгерімін, сондай-ақ экономикалық ресурстар мен әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат міндеттерінің мөлшерлес болуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы