⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi  Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi  Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi  Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

      1. Сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын, міндетті сақтандырудың көрсетілген түрі бойынша лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы шартты жасасатын жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымын қоспағанда, жасасуға міндетті. 

       2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушылардың екінші сақтандырушыларға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша негiзсiз артықшылықтарды беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.  

      3. Көлiк құралдарының иелерi басқа мемлекеттердің сақтандырушыларымен көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн сақтандыру шарттарын, оның ішінде электрондық нысанда жасасуға құқылы, бұл жағдайда осы сақтандыру көлiк құралдарының иелерiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ғана сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз етеді. 

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы. 

       Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы