8-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы
1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделедi.
Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жыл сайынғы (жылдық) жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Жыл сайынғы жиналыстан басқа, кредиттiк серiктестiк басқармасының немесе кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде жиырма бес процентiнiң бастамасы бойынша шақырылатын кезектен тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін.
Жалпы жиналыс кредиттiк серiктестiктiң жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiне және осы Заңға сәйкес шешiмдер қабылдайды, басқарма шешiмдерiнiң күшiн жояды немесе оны бекiтедi.
1-1. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері кредиттік серіктестіктің жарғысында көзделеді. Егер кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері жарғыда көзделмеген болса, онда кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы ашылғанға дейін кемінде он жұмыс күнінен кешіктірілмей, кредиттік серіктестіктің жарғысында көрсетілген мерзімді баспасөз басылымында немесе кредиттік серіктестіктің интернет-ресурсында жариялануға, тапсырысты хатпен, табыс етілгені туралы хабарламасы бар жеделхатпен, телефонограммамен, ұялы байланыс арналары бойынша қысқа мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта арқылы, сондай-ақ хабарлаудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілуге тиіс.
2. Кредиттік серіктестік қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретіне, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде көзделген мәселелерден басқа:
1) серіктестіктің, нәтижесінде құны серіктестік активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мүлікті серіктестік сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мәміле немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы;
2) серіктестіктің міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан астам процентін құрайтын сомаға ұлғайту туралы;
3) кредиттік серіктестік қызметінің бағыты туралы;
4) кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясатын айқындау туралы;
5) кредиттік серіктестіктің басқарма мүшесінің, тексеру комиссиясы мүшелерінің (ревизордың) және басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы;
6) қатысушылардың қосымша жарна салу және алып қою тәртібін белгілеу туралы;
7) кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі туралы;
8) қатысушылардың кредиттік серіктестікке қабылдану және одан шығу тәртібі туралы;
9) шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;
10) есеп жүргізу саясатын қалыптастыру туралы;
11) жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;
12) өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы.
Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы