8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы Заңы
1. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 305 Заңы.
Осы Заң машиналар мен жабдықтарға, олардың өмірлік циклы процестеріне қойылатын талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді және адам өмірін, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепілдік беру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы